Хоккей: «Барыс» мәскеулік «Спартактан» басым түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысына дайындық мақсатында бүгін ресейлік «Спартак» (Мәскеу) командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мәскеу қаласындағы «Лужники» аренасында өткізілген ойында қазақстандық клуб қарсыласынан 7:2 есебімен басым түсті.

Алғашқы кезеңде «Барыс» сапынан Егор Петухов (5 және 8-минуттарда) екі шайба соқты.

Одан кейін Кертис Волк (10-минут) және Якоба Берглунда (14-минут) мергендігімен көзге түсті.

Екінші кезеңде Кирилл Савицкий (25-минут) және Әлихан Әсетов (32-минут), үшінші кезеңде Кертис Волк (50-минут) есепті ұлғайта түсті.

Ойын барысында ресейлік клубтан Эмил Петтерссон (12-минут) және Дмитрий Вишневский (32-минутта) екі голмен жауап қайырды.

Еске салсақ, Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысы бірінші кезеңінде Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасымен шеберлік байқасады.

Ойындар 1-13 ақпан аралығында болады.

Жеңімпаз бір команданың төрт мәрте жеңіске жетуіне дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар