21:47, 21 Қазан 2022 | GMT +5
Хоккей: «Барыс» «Металлург» командасынан жеңіліп қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ресейлік клуб бірінші кезеңнен тізгінді өз қолына алуға тырысты. Нәтижесінде қатарынан төрт шайба соқты. Алдымен 3-минутта Семён Кошелев мергендік танытса, одан кейін Николай Голдобин 4-минутта есепті үстемелей түсті. Ал Анатолий Никонцев 13, Брендан Лайпсик 16-минутта басымдықты арттырды.
Екінші кезеңнің 33-минутында Семён Кошелев өзінің аталған кездесудегі екінші шайбасын соқты.
Осылайша «Барыс» қарсыласына 0:5 есебімен есе жіберді.
Енді алдағы кездесуін 23 қазанда Ресейде «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада «Торпедодан» басым түсті.