Хоккей: «Барыс» «Нефтехимик» командасына қарсы құрамын жариялады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы бүгін елордада өтетін кезекті кездесуде Ресейдің «Нефтехимик» командасына қарсы ойнайтын құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазір турнир кестесінде 51 ойыннан кейін 48 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 18-орында келеді. Ал, 49 ойыннан кейін 47 ұпай жинаған «Нефтехимик» 20-орынға жайғасқан.

Бүгінгі кездесуде «Барыс» құрамында төмендегі хоккейшілер:

Гудачек (Бояркин);

Бекетаев - Грант, Шевченко - Вей - Бракко;

Мищенко - Григорьев, Рахманов - Шестаков - Петухов;

Сергиенко - Грэм, Луис - Борисевич - Михайлис;

Шайхмедденов - Нұрғалиев, Қайыржан - Сагадеев - Әсетов.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» елордада ЦСКА командасынан жеңіліп қалды.


Соңғы жаңалықтар