Хоккей: «Барыс» Ресейде «Сочи» командасына есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Сочи» клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккей: «Барыс» Ресейде «Сочи» командасына есе жіберді

Екі команда да биылғы турнирді сәтсіз бастады. Турнир кестесінде үш ойыннан бір ұпайға қол жеткізген «Барыс» 20-орында келе жатқан болатын. Ал үш ойыннан кейін ұпай алмаған «Сочи» 22-орынды місе тұтты.

Кездесу тартысты басталды. Ойынның небәрі 11 секундында «Барыс» хоккейшісі Кирилл Савицкий есеп ашты. Одан кейін «Сочи» сапынан Артур Тянулин 9, Никита Феоктистов 10, Артём Николаев 16-минуттарда үш шайба соғып кетті.

Екінші кезеңде қазақстандық команда ойыншылары ширақ қимылдай білді. Нәтижесінде Кирилл Савицкий 22-минутта тағы бір мәрте көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ал үшінші кезеңнің алғашқы минуттарында ресейлік команда белсенді болды. Олардың қатарынан Еор Бабенко 41, Артур Тянулин 42, Кирилл Петьков 43-минуттарда үш шайба соғып кетті.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 3:6 есебімен есе жіберді.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб үш ойында қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Енді «Барыс» елордада 13 қыркүйекте «Трактор» (Челябинск) командасын қабылдайды.