20:17, 29 Қазан 2022 | GMT +5
Хоккей: «Барыс» «Салават Юлаевтан» ойсырай жеңілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Уфада Ресейдің «Салават Юлаев» (Уфа) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кездесуді ресейлік команда белсенді бастады. Нәтижесінде бірінші кезеңде Степан Санников 8-інші, Данил Апалькин 10-минуттарда мергендік танытты.
Екінші кезеңде оған «Барыс» хоккейшісі Еор Петухов 21-минутта бір голмен жауап қайырды. Ал ресейлік Сергей Шмелёв «Салават Юлаевтың» басымдығын арттырса, Александр Хмелевски 31-минутта есепті үстемелей түсті.
Үшінші кезеңде ресейлік командадан Алексей Пустозёров 49-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Есеп – 5:1
Енді «Барыс» алдағы ойынын 1 қарашада елордада «Сибирь» (Новосібір) командасына қарсы өткізеді.
Еске салсақ, елордалық клуб қатарынан төртінші мәрте жеңіліп отыр.