Хоккей: «Барыс» «Торпедодан» басым түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін елордада Ресейдің «Торпедо» (Нижний Новгород) клубына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Елордалық клуб алғашқы болып есеп ашуға тырысты.

Нәтижесінде 5-минутта қазақстандық Кирилл Савицкиий мергендік танытты. Оған «Торпедо» хоккейшісі Игорь Ларионов 17-минутта бір шайбамен жауап қайырды.

Екінші кезеңде командалар шабуылға көбірек шықты. Дегенмен таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Үшінші кезеңнің 45-минутта қазақстандық Әлихан Әсетов мергендік танытып, «Барысты» алға шығарды. Кездесудің 56-минутында қазақстандық командадан Линден Вей есепті үстемелесе, 57-минутта Антон Сагадеев ойынның нүктесін қойды.

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсіп, қатарынан үш мәрте жеңіске жетті. Турнир кестесінде 6-орынға көтерілді.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 21 қазанда елордада Ресейдің «Металлург» (Магнитогорск) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық клуб Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасынан басым түсті.




Соңғы жаңалықтар