Хоккей: «Барыс» «Торпедодан» жеңіліп қалды
Бүгінгі кездесуде «Барыс» алғашқы болып есеп ашты. Оны 6-шы минутта Егор Петухов өзінің еншісіне жазды. Ал «Торпедо» сапынан 33-минутта Александр Мерескин таразы басын теңестірді. Ойын овертаймға ұласты. Овертаймда өскемендік клуб сапынан Александр Архипов жеңіс шайбасын соғып кетті. Осылайша «Барыс» қарсыласына 1:2 есебімен жол берді.
Клуб басшылығы «Барыс» 5-20 тамыз аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізді. Бүгін Өскеменнің «Торпедо» клубымен кездессе, 23 тамызда олармен тағы бір мәрте шеберлік байқасады.
Ал 27 және 29 тамыз күндері Қарағандының «Сарыарқа» командаларымен жолдастық кездесу өткізеді.
Елордалық клуб 31 тамызда Ресейдің «Автомобилист» клубымен мұз айдынға шығады.
Естеріңізге сала кетелік, «Барыс» биыл да құрлықтық хоккей лигасына қатысады. Онда алғашқы ойынын 3 қыркүйекте Латвияның «Динамо» (Рига) клубына қарсы өткізеді.