Хоккей: «Барыс» «Трактордан» басым түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Трактор» (Челябинск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық команда соңғы он алты ойында небәрі үш мәрте жеңіске жетті. Салдарынан турнир кестесінде төменгі орындарда келеді. «Трактор» командасында да дәл осыған ұқсас жағдай. Олар да сәтсіз ойынымен жанкүйер көңілінен шыға алмай жүр.

Кездесу барысында «Барыс» сапынан Михаил Рахманов 3-минутта есеп ашты. Бірінші кезеңде одан басқа гол соғылған жоқ.

Екінші кезең басталғаннан қазақстандық хоккейшілер алға қарай ұмтылды. Нәтижесінде Әділ Бекетаев 21, Алекс Грант 23-минуттарда мергендік танытты.

Ал 28-минутта «Трактор» хоккейшісі Михаил Горюнов-Рольгизер есеп айырмасын қысқартса, 53-минутта Ансар Шайхмедденов елордалық клубтың басымдығын арттырды.

Осылайша елордалық клуб қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Енді «Барыс» алдағы ойынын 2 желтоқсанда елордада Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) командасына қарсы өткізеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Барыс» «Автомобилист» командасынан жеңіліп қалды.


Фото: sports.kz

Соңғы жаңалықтар