Хоккей: «Барыстың» алдағы маусымға дайындық жоспары белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден елордалық «Барыс» командасының алдағы маусымға дайындық жоспары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Елордалық клуб демалыстан 16 шілдеде шығады.

Екі күн бойы ойыншылар медициналық тексерістен өтеді. Ал 19 шілде күні тест тапсыру жоспарланған. Одан кейін 20 шілде - 8 тамыз аралығында Астанада оқу-жаттығу жиындарының бірінші кезеңі басталады.

Команда 10-14 тамыз аралығында Ресейдің Қазан қаласында өтетін «TANECO Кубогына» қатысса, 20-25 тамыз күндері Омбыдағы турнирде бақ сынайды.

Биыл елордада Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы турнирі өтпейді. Оған басты себеп ретінде қатысушылар саны аз екені айтылып отыр.

Сондай-ақ, 28-31 тамыз аралығында елордада оқу-жаттығу жиындарының соңғы кезеңі болады.

Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы 1 қыркүйекте басталады деп жоспарланып отыр.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы парахоккейден құрлықтық кубоктың «қоласын» жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар