Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» бүгін, 28 желтоқсанда елордада Ресейдің «Cибирь» (Новосібір) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккей: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады


Ойын елорда уақытымен сағат 19.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 42 мәрте кездесті. Оның 16-сы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клуб жеңіске жетті.

Айта кетерлігі, соңғы екі кездесуде «Сибирьдің» мерейі үстем болды.

Биыл аталған командалар екінші рет кездескелі отыр. Ресейде 26 қазанда өткен матчта «Cибирь» 3:1 есебімен басым түскен еді.

Айта кетерлігі, биыл «Барыстың» соңғы он кездесудің тоғызында мерейі үстем болды. Ал ресейлік клуб соңғы он кездесудің төртеуінде ғана жеңіске жетті.

Қазір «Барыс» 36 ойыннан кейін 43 ұпай жинап, турнир кестесінде 15-орында келеді. Ал 40 ойыннан кейін 36 ұпай еншілеген «Торпедо» командасы 18-орында тұр.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» қатарынан бес мәрте жеңіске жеткен болатын.