Хоккей: «Барыстың» плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф бәсекесінің бірінші кезеңінде «Барыс» «Металлург» (Магнитогорск) командасымен ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккей: «Барыстың» плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды

«Барыс» хоккей клубы мәлім еткеніндей, ҚХЛ тұрақты чемпиоантының қорытындысы бойынша елордалықтар Шығыс конференциясында алтыншы, «Металлург» үшінші орынға ие болды.

Осылайша Шығыс конференциясының ¼ финалында «Барыс» пен «Металлург» сериялық кездесулер өткізеді.

Алғашқы екі матч 2 және 4 наурызда Магнитогорскіде өтеді. Содан кейін қарсыластар елордада 6 және 8 наурызда тағы ойнайды.

Қажет болған жағдайда 10 наурызда «Металлург» - «Барыс», 12 наурызда «Барыс» - «Металлург» және 14-інде «Металлург» - «Барыс» кездесулері өтеді.

Серия төрт жеңіске дейін созылады. Яғни төрт жеңіске қол жеткізген команда келесі кезеңге жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Барыстың» соңғы турда «Авангардқа» есе жібергенін жазған болатынбыз.