Хоккей: Бүгін «Барыс» елордада «Нефтехимик» командасымен кездеседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Астанада бүгін Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) клубына қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған ойын елорда уақытымен 19:30-дa басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі команда бұған дейін 36 мәрте кездесті. Оның 21-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Қазір турнир кестесінде он екі ойыннан кейін 15 ұпайға қол жеткізген «Барыс» 13-орында келеді. Ал он үш ойын нәтижесінде 7 ұпай жинаған «Нефтехимик» 21-орынға жайғасқан.
Кейінгі он кездесудің сегізінде қазақстандық клуб жеңіске жетті.
Екі команда биыл 17 тамызда елордада Қазақстан Республикасы Президенті турнирінде кездесіп, онда «Барыс» 3:0 есебімен басым түскен еді.
Еске салсақ, бұдан бұрын елордалық команда Ресейдің «Сочи» клубын жеңді.