Хоккей: Канада жастар құрамасы 18 мәрте әлем чемпионы атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Чехияда шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар құрамалары арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Финалда Ресей мен Канада жастар құрамалары шеберлік байқасты. Тартысты өткен кездесуде Канада құрамасы Ресейді 4:3 есебімен басым түсті. Осылайша Канада жастары өз тарихында 18 мәрте чемпиондық атаққа қол жеткізді.

Әлем чемпионаты 1977 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінгі күнге дейін 6 құрама чемпиондық атаққа қол жеткізді. Атап айтқанда, Канада - 17, Ресей (КСРО мен ТМД-ны қоса есептегенде) - 13, Финляндия мен АҚШ - 4, Чехия (Чехословакияны қоса есептегенде) - 3, Швеция - 2 мәрте алтын медаль алды. Біздің құрама топ-дивизионда 1999 жылы алғашқы алтылыққа енді. Бұл - бүгінгі күнге дейінгі ең жоғары көрсеткіші. Ал 1997 жылы біздің жігіттер жетінші орынға ие болды.

Үшінші орын Швеция жастарына бұйырды. Скандинавиялық хоккейшілер бүгін Финляндияны 3:2 есебімен тізе бүктірді.

Ал қазақстандық хоккейшілер жұбаныш кезеңінде үш кездесудің екеуінде Германия құрамасына есе жіберіп қойды. Осылайша бірінші дивизионға түсіп қалды.


Соңғы жаңалықтар