Хоккей: Қазақстан чемпионатының басталу мерзімі кейінге шегерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының басталу мерзімі кейінге шегерілді. Ол 12 қыркүйекке белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан хоккей федерациясына сілтеме жасап.

Хоккей: Қазақстан чемпионатының басталу мерзімі кейінге шегерілді

Бүгін федерацияда Қазақстан чемпионатына қатысатын клуб басшыларының онлайн мәжілісі өтті. Оның қорытындысы бойынша клуб басшылары чемпионаттың басталу мерзімін 12 қыркүйекке белгілеу жөнінде шешімге келді. Бұл ел аумағында карантин мерзімінің созылуына байланысты қабылданып отыр.

Бұдан бұрын барлық команда алдын ала жоспар бойынша оқу-жаттығу жиынын 3 тамызда, ал шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатын 26 тамызда бастауды жоспарлаған болатын.

Сондай-ақ, «Барыс» командасының бапкерлер құрамы толық жасақталды.