14:43, 02 Сәуір 2017 | GMT +5
Хоккей: Қазақстан Киевте сынға түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан құрамасы 22-28 сәуір аралығында Украина астанасы Киевте 2017 жылғы әлем чемпионатының бірінші дивизионында төрт кездесу өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«А» тобында бақ сынайтын ұлттық құрама Украина, Польша, Оңтүстік Корея, Венгрия хоккейшілерімен күш сынасады.
Отандастарымыз 22 сәуірде австриялықтарға қарсы ойнаса, 23 сәуір күні Оңтүстік Корея хоккейшілеріне төтеп береді.
Ал 25 сәуірде Польшаға қарсы тұрса, 26 сәуірде жергілікті хоккейшілер - Украинамен сынға түседі. Жерлестеріміз соңғы ойынын 28 сәуірде Венгрия құрамасымен өткізеді.