09:34, 23 Сәуір 2017 | GMT +5
Хоккей: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын жеңіспен бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандастарымыз бірінші ойынын Австрия құрамасына қарсы өткізіп, 3:2 есебімен қарсыластарын қапы қалдырды.
Австрия - Қазақстан 2:3 (0:2, 2:0, 0:1)
Шайбалар:
0:1 - 08:26 Доус (Даллмэн, Сен-Пьер). Артық құрамда
0:2 - 14:56 Доус (Бойд). Тең құрамда
1:2 - 24:32 Комарек (Раффль, Шлахер). Тең құрамда
2:2 - 37:31 Раффль (Хофер, Комарек) Тең құрамда
2:3 - 43:38 Маркелов (Савченко, Старченко). Артық құрамда
Қақпашылар: Штаркбаум - Колесник
Айып уақыты: 16:8 (10:2, 2:2, 4:4).
Енді Қазақстан құрамасының келесі қарсыласы Оңтүстік Корея болмақ.