Хоккей: Қазақстан құрамасы Украинаны 8:1 есебімен жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы 2022 жылғы Қысқы Олимпиадаға үшінші іріктеу кезеңінде Украинамен ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ойында қазақстандық құрама қарсыласын ірі есеппен жеңді. Бірінші кезеңде қазақстандықтар қатарынан Дмитрий Шевченко, Егор Петухов, Леонид Метальников, Роман Старченко мен Талғат Жайлауов шайба соқса, оған украиналықтар бір ғана шайбамен жауап қайырды. Екінші кезеңде қазақстандық Даррен Диц пен Аркадий Шестаков есепті үстемелей түсті. Ал үшінші кезеңде қазақстандық Валерий Орехов мергендік танытты. Осылайша, Ұлттық құрама Украинадан 8:1 есебімен басым түсті.

Қазақстан хоккейшілері енді 7 ақпанда Нидерландымен мұз айдынына шығады. Айта кетейік, бүгін нидерландтықтар Польшадан 0:8 есебімен жеңіліп қалды.

Іріктеу кезеңінің финалдық сатысына жолдама алу үшін қазақстандық хоккейшілер өз тобында бірінші орын алуы тиіс. Жарыстың аталмыш сатысында қазақстандық хоккейшілер 2020 жылдың 27-30 тамызы аралығында Словакия, Норвегия, Латвиямен шеберлік байқасады.

Қазақстан құрамасы Қысқы Олимпиада ойындары тарихында екі мәрте бақ сынаған болатын. 1998 жылы ширек финалға дейін жетсе, 2006 жылы жалпы есепте тоғызыншы орын алды.


Соңғы жаңалықтар