Хоккей: Қазақстан құрамасының алдағы екі ойынға кеңейтілген тізімі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының бапкерлері алдағы Ресей және Беларуське қарсы өтетін екі жолдастық кездесуге қатысатын кеңейтілген құрамды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккей: Қазақстан құрамасының алдағы екі ойынға кеңейтілген тізімі жарияланды
Фото: instagram.com/kazakhstanhockey

Аталған екі жолдастық кездесу 5 және 7 мамыр күндері өтеді.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиев оған қатысатын хоккейшілердің кеңейтілген тізімін жариялады.

Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Әмірбеков, Никита Бояркин, Андрей Шутов (барлығы – «Барыс»), Максим Павленко («Номад»)

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров (барлығы – «Барыс»), Дмитрий Бреус («Чайка», Ресей), Данил Бутенко, Мәди Диханбек, Артем Королев, Абылайхан Сүлейменов (барлығы – «Номад») Кирилл Полохов («Арлан»), Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск)

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Александр Борисевич, Дінмұхамед Қайыржан, Никита Михайлис, Батырлан Мұратов, Михаил Рахманов, Кирилл Савицкий, Аңсар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков (барлығы – «Барыс»), Станислав Александров, Олег Бойко, Абай Маңғысбаев, Максим Мухаметов, Әлихан Өмірбеков (барлығы – «Номад»), Андрей Буяльский (Вермонт университеті, АҚШ), Саян Данияр («Сарыарқа»), Дмитрий Гренц («Арлан»), Хақназар Кеңесбай («Алматы»), Максим Мусоров («Химик», Ресей), Роман Старченко («Спартак», Мәскеу, Ресей), Евгений Рымарев («АКМ», Ресей).

Айта кетсек, қазақстандық хоккейшілер 12-28 мамыр аралығында топ-дивизионда В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Канада, Чехия, Швейцария, Латвия, Словакия, Норвегия, Словения.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасы Оңтүстік Коерядан жолдастық кездесуде екі мәрте басым түсті.