Хоккей: Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында төртінші жеңісіне қол жеткізді

хоккей
Фото: Sports.kz

Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық хоккейшілер төртінші турда Жапониямен күш сынасты.

Кездесу барысында жапониялық хоккейшілер сапынан Казумо Cасаки есеп ашса, оған қазақстандық Егор Смольянинов, Кирилл Ляпунов, Руслан Оспанов үш шайбамен жауап берді.

Қазақстан - Жапония 3:1 (1:1, 1:0, 1:0)

0:1 - Сасаки (Сузуки, Койва) - 6:23
1:1 - Смольянинов (Ляпунов, Хан) - 18:30
2:1 - Ляпунов (Оразов) - 38:21
3:1 - Оспанов (Бреус) - 53:17

Қазақстандық хоккейшілер элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы 10-16 желтоқсан аралығында IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен сарапқа салып жатыр.

Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия (5:2), Дания (3:2) және Франциядан (4:0) басым түскен болатын. 

Енді отандастарымыз 17 желтоқсанда Аустриямен шеберлік байқасады.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатының бірінші дивизионында алты мәрте ойнады. Төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді.

Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда сегіз мәрте бақ сынады. Жоғары жетістігі – 1999 жылы алтыншы орын. 

Соңғы жаңалықтар
telegram