03:09, 15 Желтоқсан 2022 | GMT +5
Хоккей: Қазақстан жастар құрамасы Даниядан басым түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионның А тобында сынға түсуде. Қарсыластары - Норвегия, Франция, Словения, Дания және Венгрия құрамалары.
Қазақстандық жастар бүгін Данияны жеңді. Ел құрамасынан Роман Ермак 6, Всеволод Логвин 38, 52, Дінмұхамед Қайыржан 39-минуттарда мергендік танытты.
Енді қазақстандық хоккейшілер 15 желтоқсанда Словения, 18 желтоқсанда Норвегия құрамаларымен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Францияға есе жіберіп, Венгрия құрамасын жеңді.
Бұл топтан бірінші орын алған құрама жоғары дивизионға жолдама алады.
Аталған жеңісінен кейін Қазақстан жастар құрамасы өз тобында үшінші орынға көтерілді. Алда Норвегия мен Франция жастары келеді.
Енді Қазақстан құрамасы 15 желтоқсанда Словениямен ойнайды.