Хоккей: Қазақстан жастары Норвегияға есе жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хоккейден 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан төртінші кездесуінде Норвегияға есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккей: Қазақстан жастары Норвегияға есе жіберді

Аталған кездесуде екі құрама арасында топ-дивизионға берілетін жолдама тағдыры шешілді. Алғашқы төрт ойында Норвегия ұпай жоғалтпаса, Қазақстан тоғыз ұпайды еншіледі. Жеңгені топ-дивизионға жолдама алатын еді.

Қазақстан хоккейшілері аталған мақсатына жете алған жоқ. Қарсыласына 3:5 есебімен жол берді. Ел құрамасынан Алдияр Нұрлан (32-минут), Даниил Цыбин (37-минут) және Роман Ермак (56-минутта) мергендік танытты.

Еске салсақ, бұдан бұрын Францияға есе жіберіп, одан кейін Венгрия, Дания, Словения құрамаларын жеңді.


Фото: icehockey.kz