Хоккей: Қазақстан жастары Венгрия құрамасынан басым түсті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионаты бірінші дивизионында алғашқы ойынында Венгриядан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі кездесуде қазақстандық хоккейшілер сәтті ойын көрсетті. Нәтижесінде Абай Маңғысбаев 1-минутта мергендік танытса, Всеволод Логвин 18-минутта есепті үстемелей түсті.
Ал екінші кезеңнің 25-минутында Қазақстан құрамасының басымдығын арттыра түсті. Бұдан кейін венгриялық хоккейшілер бір шайбамен жауап қайырды.
Осылайша Қазақстан жастары қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.
Енді еліміздің жастары 13 желтоқсанда Норвегиямен шеберлік байқасады.
Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Дания, Норвегия, Венгрия, Латвия және Беларусь. Ойындар Данияның Херсхольм қаласында 12-19 желтоқсан аралығында өткізіледі.