Хоккей: Құрлықтық кубокта «Номад» сапында кімдер ойнайтыны анықталды

Құрлықтық кубок ойындарына қатысатын қазақстандық «Номад» командасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

спорт
Фото: hcbarys.kz

Жарыстың финалдық сатысында елордалық команда «Кардифф Девилз» (Уэльс), «Катовице» (Польша) мен «Хернинг Блю Фокс» (Дании) клубтарымен ойнайды.

Жарыстың финалдық сатысы 2024 жылдың 12-14 қаңтар аралығында болады.

«Номад» сапында ойнайтын хоккейшілер тізімі:

Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Әмірбеков, Никита Бояркин;

Қорғаушылар: Кеңесбай Хақназар, Кирилл Никитин, Климентий Царев, Мәди Диқанбек, Артем Королев, Тамирлан Гайтамиров, Данил Бутенко;

Шабуылшылар: Әли Қасенов, Дінмұхамед Қайыржан, Дмитрий Макеев, Абай Маңғысбаев, Диас Гусейнов, Даниил Цыбин, Олег Бойко, Станислав Александров, Максим Мусоров, Артур Гатиягов, Николай Шулыга, Михаил Рахманов, Александр Борисевич.

Ойындардың өтетін күні мен уақыты:

13 қаңтар. 2:00
«Номад» - «Кардифф»

13 қаңтар. 21:00
«Хернинг Блю Фокс» - «Номад»

14 қаңтар. 21:00
«Номад» - «Катовице».

Жарыстың финалдық сатысы Уэльс астанасы Кардифф қаласындағы 3 мың жанкүйерге арналған «Виндико» аренасында өткізіледі.

Айта кетсек, «Номад» өз тарихында екінші мәрте жарыстың аталған сатысында бақ сынауға мүмкіндік алып отыр.

Бұдан бұрын қазақстандық команда Латвияның «Земгалесін» 4:1, Уэльстің «Кардифф Девилзін» 5:4, Францияның «Греноблін» 2:0 есебімен жеңіп, Е тобында бірінші орын алды.

Соңғы жаңалықтар