Хоккей лигасы: «Барыс» «Локомотивтен» жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Ресейде Ярославль қаласының «Локомотив» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хоккей лигасы: «Барыс» «Локомотивтен» жеңіліп қалды

Айта кетерлігі, елордалық клуб «Локомотивті» Ярославль қаласында бір де бір мәрте жеңіп көрген емес. Барлық 10 кездесуде қарсыласына есе жіберді.

Сол сәтсіздік бүгін де жалғасты. Ойын басынан ресейлік клуб тізгінді қолға алды.

Кездесудің небәрі 11-секундында «Локомотив» хоккейшісі Атте Охтамаа есеп ашты. Одан кейін 4-минутта Егор Аверин есепті үстемелей түсті. «Барыс» сапынан Виктор Сведберг 14-минутта бір голмен жауап қайырды.

Ресейлік клуб хоккейшісі Андре Петерсон 18-минутта мергендік танытты.

Андре Петерсон екінші кезеңнің 31-минутында тағы бір мәрте гол соқты. Бұдан кейін Денис Алексеев 32, Егор Коршков 33-минуттарда мергендігімен көзге түсті.

Ал 45-минутта «Локомотив» кездесудегі жетінші шайбасын соғып кетті. Бұл голды Владимир Ткачёв өзінің еншісіне жазды. «Барыс» сапына жаңадан қосылған Диллон Хитерингтон жаңа команда сапындағы өзінің алғашқы голын соқты. Ойында «Локомотив» 7:1 есебімен жеңді.

Одан кейін 12 қарашада Ресейде Нижнекамскінің «Нефтехимик» клубымен шеберлік байқасады.