Хоккей: Мажарстан құрамасы астанадағы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Хоккейден әлем чемпионатына келген сансыз жанкүйерлерінің қуанышына орай Мажарстан құрамасы турнирде бірінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «SPORTINFORM» агенттігіне сілтеме жасап.
Венгрия ойыншылары 4:1 есебімен Литва командасын артта қалдырды. Балтық жағалауы ойыншылары осымен қатарынан үшінші рет жеңіліп отыр. Қазіргі жағдай бойынша, дәл осы команда - В тобына түсіп қалуы ықтимал құрама.