Хоккей: «Сарыарқа» ЖХЛ плей-офф сериясында жартылай финалға өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандының «Сарыарқа» командасы Краснодардың «Кубань» хоккейшілерін жеңіп, Жоғары хоккей лигасы плей-офф сериясында жартылай финалға өтті.
None
None

Айта кетейік, қарағандылық команда сырт алаңдағы бұл ойында «Кубаньді» 3:0 есебімен тізе бүктірді. Осы арқылы «Сарыарқа» аталған командаға қарсы төртінші жеңісті ойынын өткізіп, серияны 4:0 есебімен ұтты.

«Құрметті жерлестер! Біздің сүйікті «Сарыарқа» хоккей командасы ЖХЛ плей-офф тартысында жартылай финалға өтті. Құттықтаймын! Команданың Финалға өтуіне тілектеспін!»,- деп жазды твиттерде Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев.

Соңғы жаңалықтар