Хоккей: «Торпедо» финалда кіммен кездесуі мүмкін

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде Өскемен қаласының «Торпедо» хоккей клубы өз қарсыласынан 3:1 есебімен басым болып тұр. Енді бір рет жеңіске жетсе, финалға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Кешегі ойында торпедолықтар «Рубинді» (РФ, Төмен облысы) 2:0 есебімен жеңген болатын. Сөйтіп, жалпы ұпай санын 3-ке дейін жеткізіп, финалға бір табан жақындады. Ал «Рубинде» 1-ақ ұпай бар. Оны аталған команда жартылай финалдың алғашқы матчында ұтып алған. Сол кезде қарсыластар «Торпедоны» 0:1 есебімен жеңген. Соның өзінде жеңіс шайбасы овертаймда соғылды. Осыдан кейін Түменнің хоккей клубы үш рет қатарынан ұтылды. Соған қарағанда ол үшін 3:1 есебімен финалға шығу қиынға соғады, тіпті мүмкін емес.

Ал жартылай финалдың екінші тобында Мәскеу түбіндегі Балашиханың «Динамо» хоккей клубы «Зауральені» айқын басымдықпен жеңіп жатыр. Жалпы есеп - 3:0. Бүгін аталған екі команданың арасында кезекті матч өтеді. Бұл ойыннан кейін «Динамо» финалға шығуы әбден мүмкін. Ал екі күннен кейін «Торпедо» мен «Рубин» арасындағы матч өтетін болады. Аталған кездесу де жартылай финалдың соңғы ойыны болуы ықтимал.

Соңғы жаңалықтар