Хоккей: Жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Беларусьтен жеңіліп қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордамыз - Нұр-Сұлтанда шайбалы хоккейден Қазақстан мен Беларусь құрамалары арасындағы жолдастық кездесу аяқталды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Хоккей: Жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Беларусьтен жеңіліп қалды

Бұл ойында негізгі кезең мен овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Негізгі кезең мен овертаймда құрамалар 4:4 есебімен тең түсті.
Біздің құрама сапынан Никита Михайлис, Антон Сагадеев, Дастан Бойд, Дмитрий Шевченко шайба соқты.

Оған беларусь хоккейшілері төрт шайбамен жауап қайырды. Буллиттен Беларусь құрамасының жолы болды.
Біздің құрама ертең елордада Оңтүстік Кореямен жолдастық кездесу өткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, астанада 29 сәуірде шайбалы хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионы А тобының ойындары өтеді.
Бұл топта Қазақстан құрамасы Беларусь, Оңтүстік Корея, Литва және Мажарстанмен топ-дивизионға берілетін жолдамаларды сарапқа салады.