Хоккейден әлем чемпионаты: бүгін Қазақстан құрамасы Швециямен шеберлік байқасады
АСТАНА. KAZINFORM – Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден әлем чемпионатында бүгін Қазақстан құрамасы төртінші кездесуін өткізеді.
В тобында бақ сынайтын бас бапкер Ғалым Мәмбетәлиевтің командасы хоккейден әлемнің үздік командаларының бірі саналатын Швецияға қарсы мұз айдынына шығады.
Матч елорда уақытымен 19:20-да басталады.
Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстан командасы топтағы бір ойында ғана жеңіске жетті. Алғашқы кездесуде құрама ойыншылары Францияны 3:2 есебімен жеңген болатын. Кейін Словакиядан 2:6, Латвиядан 0:2 есебімен жеңілді. Турнирлік кестеде Қазақстан құрамасы 3 ұпаймен 7-орында тұр.
Еске сала кетейік, бұған дейін биыл Құрлықтық хоккей лигасының қашан басталатыны белгілі болғанын хабарлаған едік.