Хоккейден әлем чемпионаты: Бүгін швейцария мен Германия кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден 2025 жылғы әлем чемпионаты элиталық дивизионында бүгін, 15 мамырда төрт ойын өтеді.

хоккей
Фото: championat.com

А тобында сағат 19:20-да Финляндия мен Словакия, 23:10-да Канада мен Аустрия шеберлік байқасады.

Алғашқы төрт турдан кейін Швеция - 12, Канада - 9, Словакия - 7, Латвия - 6, Финляндия -5, Аустрия - 2 , Франция -1 ұпай еншілесе, Словенияның әзірге қоржыны бос.

Сондай-ақ бүгін В тобында 19:00-де Швейцария мен Германия, 23:10-да Чехия мен Мажарстан шеберлік байқасады.

Аталған топта Германия - 9, АҚШ - 8, Чехия - 8, Швейцария - 7, Дания, Мажарстан Қазақстан - 3, Норвегия -1 ұпай еншіледі.

Бұл топта Қазақстан құрамасы алғашқы төрт турда Норвегияны (2:1) жеңсе, Германияға (1:4), Мажарстанға (2:4), Данияға (1:5) есе жіберді.

Ел құрамасы дүбірлі додаға биыл 13-ші мәрте қатысып отыр. Әзірге ең жоғары көрсеткіші - 2021 жылғы оныншы орын.

Әлем чемпионаты 1920 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Қазірге дейін Канада - 28 Ресей (КСРО) - 27, Чехия (Чехословакия)- 13, Швеция - 11, Финляндия - 4, АҚШ - 2, Ұлыбритания мен Словакия -1 мәрте чемпиондық тұғырға көтерілді.

Соңғы жаңалықтар