Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады

АСТАНА. KAZINFORM — Андоррада 7-13 сәуір аралығында шайбалы хоккейден әйелдер арасында екінші дивизионның А тобында ойындар өткізіледі. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады.

хоккей
Фото: icehockey.kz

Қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионға берілетін жалғыз жолдаманы Бельгия, Испания, Исландия, Тайпей және Мексика құрамаларымен шеберлік байқасады.

Қазақстан құрамасының ойын кестесі:

7 сәуір. 20:30. Мексика — Қазақстан
8 сәуір. 17:00. Қазақстан — Тайпей
10 сәуір. 17:00. Қазақстан — Исландия
11 сәуір. 20:30. Бельгия — Қазақстан
14 сәуір. 00:00. Испания — Қазақстан.

Қазақстандық хоккейшілер былтыр Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында бірінші дивизионның В тобында сынға түсті.

Барлық ойында жеңіліп, бір сатыға төмен дивизионға төмендеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын шайбалы хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының әлем чемпионатының элиталық дивизиондағы ойын кестесі белгілі болды.  

Соңғы жаңалықтар