Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы бүгін әлем чемпионатындағы ойындарын бастайды
АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионаты IIA дивизионында алғашқы ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізеді.

Қазақстан хоккей федерациясы мәлім еткендей, ел құрамасы IA дивизионына жолдама алу үшін Оңтүстік Корея, Италия, Ұлыбритания, Латвия және Словениямен шеберлік байқасады.
Олар 9 сәуірде Оңтүстік Корея, 10 сәуірде Италия, 12 сәуірде Ұлыбританиямен ойнайды Одан кейін 13 сәуірде Латвия, 15 сәуірде Словениямен мұзайдынға шығады.
Ойындар 9-15 сәуір аралығында Ұлыбританияның Дамфрис қаласында өтеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық хоккейшілер жолдастық кездесуде Ұлыбританиядан жеңіліп қалды.
Кездесу барысында қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетсек, ел құрамасы әлем чемпионаты IA дивизионында 2005, 2007, 2009, 2024 жылдарда бақ сынаған еді.