Хоккейден Қазақстан чемпионатының жартылай финалына шыққан командалар анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты плей-офф сатысына жолдама алған барлық команда белгілі болды.

Мұндай мүмкіндікке көкшетаулық «Арлан», өскемендік «Торпедо», қарағандылық «Сарыарқа» және өзбекстандық «Хумо» командалары ие болды.
Енді плей-офф сатысында «Арлан» мен «Сарыарқа», «Торпедо» мен «Хумо» клубтары ойнайды. Жарысты жалғастыратын ұжым бір команданың төрт жеңісіне дейін жалғасады. Алғашқы ойын 13 наурыз күні өтеді.
Қазірге дейін «Торпедо» 13 мәрте жеңімпаз атанса, одан кейінгі орындарда «Бейбарыс» (Атырау) - 4, «Ертіс» (Павлодар), «Сарыарқа» -3, «Барыс» (Астана), «Номад» (Астана), «Арлан» (Көкшетау) - 2, «Қазақмыс» (Сәтпаев), «Болат» (Теміртау) - 1 мәрте бас жүлдеге ие болды.
Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынында елордада Ресейдің ЦСКА (Мәскеу) командасына есе жіберді.