15:51, 16 Сәуір 2022 | GMT +5
Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші жеңісіне жетті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында қазақстандықтар екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске салсақ, қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионда А тобында сынға түсіп жатыр.
Қарсыластары - Норвегия, Дания, Словакия, Франция және Жапония.
Қазірге дейін төрт ойын өткізді. Алғашқы екі кездесуде Норвегиядан 2:9, Франциядан 2:4 есебімен жеңілді.
Одан кейін Данияны 4:2 есебімен сүріндірсе, үшінші кездесуде Жапониядан 4:3 есебімен басым түсті.
Енді Қазақстан хоккейшілері 17 сәуірде Словакиямен кездеседі.
Еліміздің жасөспірімдер құрамасына Сергей Старыгин бапкерлік жасайды.