Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына дайындығын бастады

АСТАНА. KAZINFORM - Шайбалы хоккейден Қазақстан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионаты бірінші дивизионының А тобындағы ойындарға дайындығын бастады.

Хоккейден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына дайындығын бастады
Фото: icehockey.kz

Бас бапкердің шешімімен кеңейтілген құрамаға барлығы 40 хоккейші енгізілген. Олар 9 және 10 сәуір күндері елордалық «Номад» командасымен екі мәрте жолдастық кездесу өткізеді. Ал 12 сәуірде Венгрияға аттанады. Сол елдің Секешфехервар қаласында Австрия, Дания, Венгрия, Словения және Украинамен кездеседі.

Аталған турнирдің ойын кестесі:

20 сәуір, 22:30. Словения - Қазақстан

21 сәуір, 22:30. Қазақстан - Венгрия

23 сәуір, 22:30. Қазақстан - Дания

24 сәуір, 19:00. Австрия - Қазақстан

26 сәуір, 22:30. Қазақстан - Украина.

Хоккейшілер тізімі төмендегіше:

Қақпашылар: Тәңірхан Алпысбаев («Элиталық хоккей академиясы», АҚШ), Никита Кулаков, Арсений Кучковский, Данил Лыткин, Дмитрий Ряшин («Барыс»), Рахымбек Рахымжан («Кливленд Баронс», АҚШ)

Қорғаушылар: Темірлан Айболұлы («Шарлот Раш», АҚШ), Ильхан Болатов (Бостон хоккей академиясы, АҚШ), Раты Дурглишвили, Санжар Ибрагим, Алдияр Калелхан, Никита Ломако, Даниил Медведев, Арғын Мұқашев, Матвей Решетько, Никита Сидоренко, Даниил Толстунов, Руслан Түсіпбеков («Барыс»), Святослав Евплов («Армия СКА», Ресей), Төрехан Сәрсенбай (Оңтүстік Кент мектебі, АҚШ), Арман Төлен (Атлант жағалауы академясы, АҚШ).

Шабуылшылар: Ерлан Ахмутинов («Кливленд Баронс», АҚШ), Әнуар Ахметжанов («Окмур Патриотс академиясы», АҚШ), Әмір Алпкарин («Сикост Спартанс», АҚШ), Нар-Улан Байкен ( «Black Bear» ұлттық академиясы, АҚШ), Әлихан Бақыт, Таир Бигаринов, Данил Дронов, Аристарх Киреев, Егор Кравченко, Хаким Кубатаев, Тимур Миндубаев, Айтуар Нұржанов, Әлішер Саркенов, Александр Симахин, Тамерлан Тілеубаев, Леонид Шакенов («Барыс»), Әділхан Беккереев (Академия Атлант жағалауы академиясы, АҚШ), Дамир Бритиков («Академия Петрова», Ресей), Артур Глухих («Торпедо», Өскемен), Бексұлтан Макыш (Бостон хоккей академиясы, АҚШ), Матвей Умеренков («Сарыарқа»).

Соңғы жаңалықтар