08:30, 02 Шілде 2013 | GMT +5
Хорватия - Еуроодақ құрамында
АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - 4,4 миллион халқы бар Хорватия кеше, 1 шілдеде 28-інші мемлекет болып Еуропа одағы құрамына кірді.
Дегенмен Еуроодақ мүшесі атанғанына қарамастан, Хорватия әзірге Шенген визасыз аймағына қосылмайды және еуроны қолданысқа енгізе алмайды.