Хорватия Қазақстан бизнесін әріптестікке шақырды

«Біз сіздерді Хорватияға келіп, өз бизнестеріңізді жүргізуге шақырамыз. Біздің кәсіпкерлеріміз сіздермен жұмыс жасауға мүдделі» - деді З.Миланович.
Оның айтуынша, бүгінде Хорватияның экономикасы Еуропалық одақтағы маңызды экономикалардың бірі.
«Біз халықтың орташа өмір сүру деңгейіне қол жеткіздік. Әрине, барлығымыз қиын кезеңдерден өтіп келеміз. Дегенмен, барлық қиындық артта қалды» - деді Премьер-Министр.
«Біздің экспортымыз күн санап өсіп келеді, сондықтан қазір біз бәсекеге қабілетті мемлекеттермен теңесе алмыз. Мен мұнда біз сіздерге керек болғандықтан емес, сіздер бізге керек болғандықтан келіп отырмын. Біз сіздерден инвестиция қабылдауға дайынбыз», - деді Зоран Миланович.
Сонымен қатар, ол Қазақстан мен Хорватия арасындағы қарым-қатынасқа қолайлы болатын бірқатар салаларды атап өтті.
«Хорватия туралы сөз болғанда көп адамдар бізде туризмнің дамығанын еске алады. Сонымен қатар, бізде өндіру өнеркәсібі, кеме жасау салалары мықты дамыған», - деп атап өтті З.Миланович.