Хорватия құрамасы үшінші мәрте әлем чемпионаты жартылай финалына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Хорватия құрамасы өзінің тарихында үшінші мәрте әлем чемпионаты жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Хорватия құрамасы үшінші мәрте әлем чемпионаты жартылай финалына шықты

Қатарда өтіп жатқан 2022 жылғы әлем чемпионатында хорватиялық футболшылар 9 желтоқсанда 1/8 финалда Бразилия құрамасын пенальти сериясында қапы қалдырып кетті. Негізгі кезеңде есеп ашылмай, овертаймда 1:1 есебі тіркелді. Пенальти сериясында Хорватияның жолы болды.

Аталған ойында Неймар гол салу жөнінен Пелемен теңесті.

Бұған дейін хорватиялық футболшылар 1998 жылы жартылай финалда Францияға 1:2 есебімен жол берді. 3-орын үшін сайыста Нидерландты 2:1 есебімен тізе бүктіріп, қола жүлдегер атанды.

Ал 2018 жылы жартылай финалда Англияны овертаймда 2:1 есебімен жеңіп, финалда Францияға 2:4 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде күміс медаль алды.

Еске салсақ, хорватиялық қақпашы пенальти сериясында сэйв жасаудан рекордтық көрсеткішті қайталады.

Дәл қазір ширек финалдағы Нидерланды мен Аргентина кездесуі «Qazaqstan» мен «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетілуде.


Фото: championat.com