Хорватия Премьер-Министрі Қазақстанның жетістіктеріне таңданысын білдірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Қазақстан жеткен жетістіктері таң қалдырады. Бүгін өтіп жатқан Қазақстан-Хорватия бизнес-форумында Хорватия Премьер-Министрі Зоран Миланович осындай пікір білдірді.
None
None

"Мен Қазақстанға осыдан 20 жыл бұрын келген едім. Ал Қазақстанның бүгінгі жеткен жетістіктері таңдай қақтырады. Сіздердің жетістікке жеткен жолдарыңыз басқалардікінен өзгеше. Бұл жолға Президенттеріңіздің дана саясаты бағыттап отырғанын көреміз. Сіздердің елдеріңіздің жетістігі әрбір қазақстандықтың маңдай терімен келген жетістік деуге болады"- деп атап өтті З.Миланович.

Оның айтуынша, өзі Хорватияның Премьер-Министрі болса да, осындай сапарларға шығу мүмкіндігі жиі туа бермейді. Ал бүгінгі сапарда онымен бірге Хорватияның көптеген бизнесмендері келіп отыр.

"Біз Қазақстанның бүгінгі жеткен жетістіктерін өз көзімізбен көрген кезде, өз табыстарымыздың онша жоғары емес екенін түсіндік. Өздеріңіз білесіздер, Хорватия Еурооодақтың ортасында орналасқан. Сондықтан біз Қазақстанмен жан-жақты әріптестікке дайынбыз және сіздердің тараптарыңыздан барлық инвестицияларға есігіміз ашық", - деді Хорватия Премьер-Министрі.

Соңғы жаңалықтар