Хорватияда президенттік сайлаудың екінші туры өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM – Хорватиядағы президенттік сайлаудың II турындағы дауыс беру жергілікті уақыт бойынша жексенбі күні сағат 07:00-де басталды, деп хабарлайды Синьхуа.

хорватия
Фото: Darko Bandic

Бүкіл ел бойынша дауыс беру құқығы бар 3,7 миллионнан астам сайлаушы қазіргі президент Зоран Миланович пен оның қарсыласы Драган Приморак арасында таңдау жасайды.

Мемлекеттік сайлау комиссиясы сайлаушыларды дауыс беру үшін сайлау учаскелеріне келуге шақырды.

Бірінші дауыс беру туры 2024 жылдың 29 желтоқсанында өтті. Сегіз кандидаттың ішінде ең ірі оппозициялық Социал-демократиялық партия қолдайтын З.Миланович пен басқарушы Хорватия демократиялық Достастығы қолдайтын Д. Приморак бірінші және екінші орындарды иеленді. Олар сәйкесінше 49,09 пайыз және 19,35 пайыз дауыс жинаған.

Хорватия Заңына сәйкес, егер бірінші турда ешкім дауыстың жартысынан көбін жинамаса, екі жетекші үміткер екі аптадан кейін екінші турға қатысады.

Хорватия Президенті бес жыл мерзімге сайланады және бір рет қайта сайлануы мүмкін.

Осыған дейін Хорватия бірінші турда президентін сайлай алмағанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар