Христиан әлемі Пасха мерекесін тойлап жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Христиан әлемінің бас мерекесі - Қасиетті Христостың қайта тірілуі немесе Пасха мейрамын әлемдегі миллиондаған тұрғын тойлап жатыр, деп жазады ТАСС. 
None
None

Пасха мерекесі басталған күні 48 күнге созылған ауыз бекіту аяқталады. Осы уақыт аралығында христиан дінін ұстанатын адамдар мал етінен бас тартып, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайды. Бойын тәртіпке үйретіп, жиі сыйынады. Осылайша рухани тазарады.

Пасхаға христиандар ерекше дайындалады: үйлерін тазалап, мерекелік астарды әзірлейді. Боялған жұмыртқаларды пісіреді. Тек бұл күні қабірлерді зиярат ету құпталмайды. Марқұмдарды еске алу үшін православтық күнтізбеде арнайы күн бар - Радоница, ол биыл 25 сәуір күні аталып өтеді.

2 ғасырдан бастап Пасха христиандардың ресми діни мейрамына айналған. Бірақ әр шіркеу оны өзінше тойлаған, әр мазхаб оны өз күнінде, өз дәстүрімен атап өткен. Соңдықтан, Ұрым, Александрия мен Кіші Азия шіркеулері арасында «Пасхалық дау» пайда болған. Ақырында бұл дау епископтардың Никей синодында шешілген.

Осылайша, 325 жылдан бастап Пасханы көктемгі күн мен түннің теңелуі күнінен (бұл құбылыс Наурызға сәйкес, наурыздың 21-інде болады) кейін бірінші толған айдан кейін келесі жексенбіде тойлайды. Пасханың уақыты әр жылы әр күнге түсіп отырады, бірақ сәуір айында немесе мамыр айының басында болады.

Соңғы жаңалықтар