Худжанд-Екатеринбор бағыты бойынша ұшақ Қарағандының әуежайына қонуға мәжбүр болды

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласында 1 шілде күні сағат 09.01-де «Орал авиажелісі» авиакомпаниясына тиесілі Худжанд-Екатеринбор бағыты бойынша Аэробус-320 ұшағы салқындату жүйесінің істен шығуына байланысты Сарыарқа әуежайына қонуға мәжбүр болды.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

 Бортта 170 адам, оның ішінде экипаждың 7 мүшесі болған. Сағат 11.00-дегі жағдай бойынша жолаушылар кеденнен өтіп, Қарағанды қаласы әуежайының қонақүйіне орналастырылды. Сағат 21.48-де жолаушылар жерге қонуға мәжбүр болған ұшақтың орнына келген Аэробус-320 ұшағымен алған бағыттарына аттандырылды.

Соңғы жаңалықтар