Хуситтер Бен-Гурион әуежайына зымыран шабуылы жасалғанын мәлімдеді

АСТАНА.KAZINFORM - Йемендік көтерілісші «Ансар Аллах» қозғалысының хуситтері Тель-Авивтегі Бен-Гурион әуежайына баллистикалық зымыранмен шабуыл жасады, деп хабарлады көтерілісшілер қарулы күштерінің өкілі Яхья Сариа.

п
Фото: Видеодан алынған скрин

— Зымыран күштері әскери операция жүргізді, оның барысында Лод әуежайына (Бен-Гурион) «Палестина-2» типті баллистикалық зымыранымен соққы берді, — деді ол «Ансар Аллах» бақылауындағы Al Masirah телеарнасына.

Сариа операцияның «мақсатына сәтті жеткенін» атап өтті.

«Ансар Аллах» әскери өкілінің айтуынша, шабуыл салдарынан әуежайдың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Айта кетейік, Ливан Израильмен шекарада әскер санын 10 мыңға дейін көбейтпек.

Соңғы жаңалықтар