Хуситтердің дроны Израильдің Эйлат курортындағы қонақүйге тиді

АСТАНА. KAZINFORM – Йеменнен ұшырылған хуситтердің дроны Израильдің Эйлат курортындағы қонақүйге соққы жасады, деп хабарлайды The Times of Israel.

Беспилотник хуситов поразил отель на израильском курорте
Фото: x.com/OSINTdefender

Оқиға бейсенбі күні тіркелді. Ұшқышсыз ұшақ қонақүйдің кіреберіс бөлігіне соғылып, ғимаратқа зақым келтірді. Зардап шеккендер жоқ. Жарылыстан кейін өрт шыққан, ол құтқару қызметі күшімен сөндірілді. Полиция аумақты қоршап, жарылғыш заттар жөніндегі мамандар жұмыс істеп жатыр.

Израиль Қорғаныс армиясы әуе күштері дронның неліктен әуеде атып түсірілмегенін анықтау үшін тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Осыдан кейін Израиль әскери күштері Йеменнен жіберілген тағы екі дронды атып түсіргенін хабарлады.

Кешке қарай хуситтер Израильдің орталық аудандарына баллистикалық ракета ұшырды. Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі оны атып түсіргенімен, ел бойынша, соның ішінде Тель-Авив, Иерусалим, Хайфа, Петах-Тиква, Ришон-ле-Цион, Модиин, Бейт-Шемеш қалаларында әуе дабылы қосылып, миллиондаған тұрғындар баспанаға жасырынды.

Хуситтер шабуылдың жауапкершілікті өз мойнына алып, Тель-Авивтегі «әскери нысанаға» ракета бағыттағанын және бірнеше дронды Эйлат пен Беэр-Шеваға жібергенін мәлімдеді.

Израильдік әскерилердің ақпаратына сәйкес, олардың бір бөлігі ел аумағына жетпеген.

Соңғы апталарда Эйлатқа хуситтердің шабуылдары жиілеп кеткен. Бұған дейін дрон Рамон әуежайына соққы беріп, инфрақұрылымға зиян келтірген, бір адам жеңіл жарақат алған.

18 наурыздан бері, Израиль Газа секторында ХАМАС-қа қарсы шабуылын қайта бастаған сәттен бастап Йеменнен 87 баллистикалық ракета мен кемінде 40 дрон ұшырылған.

Израиль бұған жауап ретінде Йемендегі нысандарға әуе соққыларын жасап келеді. Соңғы шабуыл сейсенбі күні Ходейда порты маңындағы инфрақұрылымға бағытталған. Тамыз айында Израиль Санада хуситтер үкіметінің премьер-министрі мен бірнеше министрін жойған соққы жасаған болатын. Ол кезде Тель-Авив бұл «кампанияның басы ғана» деп ескерткен.

Соңғы жаңалықтар