ХВҚ Ресей экономикасының 2025 жылға арналған болжамын төмендетті

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Ресейдің 2025 жылғы ЖІӨ өсімі бойынша болжамын қайта қарап, оны 0,6%-ға дейін төмендетті, ал 2026 жылға арналған болжамы өзгеріссіз 1%-ды құрайды, деп хабарлайды ТАСС.

МВФ ухудшил прогноз роста ВВП России в 2025 году
Фото: ТАСС

ХВҚ-ның соңғы жаһандық экономикалық даму болашағына қатысты кезекті есебіне сәйкес, ағымдағы жылдың болжамы қордың шілдедегі бағалауымен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа төмендеген. ХВҚ сарапшылары келесі жылы Ресейдің ЖІӨ 1%-ға өседі деп болжап отыр.

Қор мәліметінше, өткен жылы Ресей экономикасы 4,3%-ға өсті. Сәуірде ХВҚ бұл көрсеткішті 4,1% деп бағалады.

- Еуропаның нарықтары дамып отырған елдері мен дамушы елдердегі өсу қарқыны 2024 жылғы 3,5%-дан 2025 жылы 1,8%-ға дейін, 2026 жылы 2,2%-ға дейін қалыпты қалпына келтірумен айтарлықтай төмендейді деп болжанып отыр, - делінген құжатта. 

Бұл ең алдымен Ресейдегі өсімнің 2024 жылы 4,3%-дан 2025 жылы 0,6%-ға және 2026 жылы 1%-ға дейін күрт төмендеуіне байланысты.

- Төменге қарай қайта қарау негізінен 2024 жылдың төртінші тоқсанындағы бюджет шығыстарының шоғырлануын көрсететін деректердің жақында жариялануымен байланысты болып отыр, бұл 2024 жылғы ЖІӨ өсімін 4,1%-дан 4,3%-ға дейін бағалауды қайта қарауға әкелді. Кері әсер 2025 жылға арналған болжамда көрініс тапты, - делінген хабарламада.

ХВҚ бағалауынша, Ресейдегі инфляция 2024 жылы 8,4%-ды құрады, 2025 жылы 9%-ға жетеді және 2026 жылы 5,2%-ға дейін төмендейді. Өткен жылы Ресейдегі жұмыссыздық деңгейі ХВҚ мәліметтінше 2,5%-ды құрады, биыл 2,4%-ға дейін төмендейді және келешекте 3,1%-ға дейін өседі.

Росстат дерегінше өткен жылдың соңында Ресейде инфляция 9,52 пайызды құраған. https://kaz.inform.kz/news/reseyde-inflyatsiya-osm-21-di-kuradi-933d2e/

Сондай-ақ Ресейде ҚҚС мөлшерлемесін 22%-ға дейін көтеру мәселесі қаралып жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар