И. Құттықожаев «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды. Облыс әкімі, облыстық партия филиалының төрағасы Қырымбек Көшербаев жаңа тағайындалған Ибадулла Құттықожаевты ұжымға таныстырды.

Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибадулла Дүйсенбайұлы 1957 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді. Философия ғылымдарының кандидаты. Әр жылдары қалалық және облыстық мекемелерде жауапты қызметтер атқарған. Мәселен, 2004-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары. Соңғы екі шақырылымда Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы болған.

Облыс әкімі Ибадулла Құттықожаевтың жаңа қызметіне сәттілік тілеп, жылы лебізін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар
telegram