И. Тасмағамбетов пен Н. Бордюжа 23 желтоқсанда Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібін талқылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжамен кездесті.
None
None

Жүздесу барысында ҰҚШҰ жауапкершілігі аясындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әскери және саяси ынтымақтастықтың қазіргі және перспективалық мәселелері бойынша пікір алмасылды.

Қорғаныс министрі Ұжымдық жедел ден қою күштерін одан әрі дамытудың маңызын атап өтіп, ағымдағы жылғы тамыз айында Қазақстанда өткен «Өзара іс-қимыл - 2014» кешенді оқу-жаттығуына жоғары баға берді.

Тараптар, сондай-ақ, 2014 жылғы 23 желтоқсанда Мәскеуде өтетін Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің күн тәртібін талқылады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Новороссийскте өтіп жатқан РФ ҚК әуе десанты әскерлері басшылық құрамының жедел жиынында ҰҚШҰ Біріккен штабы лауазымды адамдарының құрамында Қазақстан өкілдері де қатысуда.

Соңғы жаңалықтар