І жартыжылдықта елорданың өнеркәсіп кәсіпорындары 99,4 млрд. теңгенің өнімдерін өндірді

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Орта және ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 78,2% немесе 70,8 млрд. теңге, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда тиісінше 89,6% және 25,0 млрд. теңге, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 91,2% және 3,6 млрд. теңгені құрады.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің нақты көлем индексі ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда 2014 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 127,5%-ды құрады. Нақты көлем индексінің өсіміне негізгі бағалы және түсті металдарды өндіру (2014 жылғы қаңтар-маусымға қатысты - 302,8%) елеулі әсер етті. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі өндірістері ішінде өнімнің нақты көлемінің төмендеуі жиһаздан басқа, ағаштан және тоздан жасалған бұйымдарды өндіру; сабаннан және өруге арналған материалдан жасалған бұйымдар өндіруде (40,6%), машина жасаудағы тауарлар және қызмет көрсету өндірісінде (67,5%), тамақ өнімдерін өндіруінде (92,2%) байқалады.
2014 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда тазартылған алтын - 3 есе, пластмасса есіктер, терезелер, есік пен терезе қораптары, есік босағалары - 2,3 есе, металл есіктер мен есік босағалары, терезелер мен олардың жақтаулары - 1,9 есеге, пластмасса құбырлар, түтіктер, жеңдер мен шлангіле 28%-ға, бетоннан, ғаныш пен цементтен жасалған бұйымдар - 16,6%-ға, бекітпе бұйымдарды, кесілген бұрандасы бар бұйымдар - 17,3%-ға, преформалар өндірісі 9,6%-ға өсті.
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда ағымдағы жылғы қаңтар-маусымдағы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-маусымға қатысты 99,7%-ды құрады. Өткен жылғы қаңтар-маусымдағы деңгеймен салыстырғанда бу мен ыстық су (жылу энергиясы) өндіру 4,5%-ға төмендеді.
Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда ағымдағы жылғы қаңтар-маусымдағы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2014 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 93,4%-ды құрады.