IACA басылымында Қазақстанда сот әкімшілігін дамыту туралы мақала жарияланды

Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IACA) ресми басылымында осы ұйымның президенті Луис Мария Пальманың Қазақстандағы реформаларға шолу жасаған және сот әкімшілігі саласындағы жетістіктерге арналған «Қазақстандағы сот әкімшілігі: жетістіктер мен перспективалар» атты мақаласы жарияланды, деп хабарлайды Кazinform.

мақала
Фото: IACA

Буэнос-Айрес ұлттық университетінің профессоры, Гаагадағы (Нидерланды) Халықаралық Сот төрелігі саласындағы озық тәжірибе институтының (IIJE) директоры Л.Пальма биылғы маусым айындағы сапарының қорытындылары бойынша Қазақстандағы өзгерістер туралы әңгімелеген.

Ол бұдан бұрын, 2019 жылы IACA халықаралық конференциясының қатысушысы ретінде Астанада болған болатын.

Оның пікірінше, оқыту, сот төрелігіне қолжетімділік, басқару, инфрақұрылым, нормативтік актілер мен ынтымақтастық салаларында қысқа мерзімде әсерлі реформалар жүргізілген.

«2023 жылдың басына қарай Қазақстанның сот жүйесіндегі басқару реформасының шешуші және серпінді сәті Қазақстан Президентінің жаңа тәуелсіз орталық орган – Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігін құру туралы шешімі болды», - деп жазады Л. Пальма.

Өзі көріп, зерттеген Қазақстан Республикасының жетістіктерінің ішінде Луис Пальма мынаны атап өткен:

  • сот жүйесінің тәуелсіз бюджеті;
  • аумақтан тыс соттылық бойынша істерді автоматтандырылған бөлу;
  • цифрландыруды дамытудың жоғары деңгейі және сот төрелігіне қолжетімділік;
  • сот ісін жүргізуде жасанды интеллект және роботтандыру элементтерін қолдану.

Қорытындылай келе, ХСӘҚ-ның президенті сот төрелігінің сапасы мен тиімділігін арттыруға ықпал ететін бұл жетістіктерді тамаша және жігерлендіретін жетістіктер деп атаған.

Қазақстан тұрғындардың сотқа цифрлық қолжетімділігі бойынша әлемде 4-ші орында (2021 жылғы мәліметтер бойынша).

Мақаламен мына сілтеме арқылы танысуға болады. 

Соңғы жаңалықтар