IBA аясындағы әлем чемпионатында Теміртас Жүсіпов ширек финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында 8 желтоқсанда ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі) ширек финалға жолдама алды.
Қазақстандық боксшы (48 келі) 1/8 финалда Үндістан өкілі Девендра Сингх Саландиді жеңді.
Сондай-ақ бүгін ел құрамасынан Санатәлі Төлтаев (67 келі), Сапарбай (92 келіден жоғары) ширек финалға шықты.
Ал Ерасыл Жақпеков (80 келі), Нурмагамед Юсупов (92 келі) қарсыласына есе жіберді.
Енді Сабыржан Аққалықов (75 келі) Жаңа Зеландия өкілі Таухиримати Тохерири-Халлит), Серік Теміржанов (60 келі) замбиялық Эндрю Чилатамен кездеседі.
ІBA турнирі 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда ұйымдастырылады. Бұл бәсекеде 13 салмақ дәрежесі белгіленген. Жүлде қоры өте жоғары: чемпиондар — 300 мың доллар, күміс жүлдегерлер — 150 мың доллар, қола жүлдегерлер — 75 мың доллар, ал ширек финалистер 10 мың доллар алады.
Биыл дүбірлі додаға жер-жаһанның 95 елінен былғары қолғап шеберлері келді.